ҚАЗ   РУС   EN   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРЛІГІ

«ҚАЗАҚСТАН ҒАРЫШ САПАРЫ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

БАСШЫЛАР ҚҰРАМЫ

В КОМАНДЕ ПРОФЕССИОНАЛЫ


Айымбетов Айдын Ақанұлы

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы . 

 1972 жылы туған. Жұмыс өтілі – 26 жыл. 

 1993 жылы Армавир жоғары әскери авиациялық училищесін, 2006 жылы І. Жансүгіров атындағы Талдықорған университетін, 2018 жылы Д. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясын аяқтады. 

 1993 жылы мамырда Қазақстан Республикасының әскери-әуе күштері қызметіне түсті, ұшақтың 4 түрін меңгерді (Л-39, Миг-23, МиГ-23МЛД, Миг-27, Су-27), ұшу уақыты - 470 сағаттан астам. 

 2003 жылдан 2009 жылға дейін Ю.А. Гагарин атындағы «Звёздный городок» (Жұлдызды қалашық) ғарышкерлер дайындау орталығында жалпы ғарыштық дайындықтан өтті. 

 2009 жылдан бері Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік және мемлекеттік секторларында басшылық лауазымдарында:

 - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі Төрағасының кеңесшісі;

 - ҚР ҰҒА Ғарыш қызметін дамыту департаментінің директоры;

 - Академик Ө.М. Сұлтанғазин атындағы Ғарыштық зерттеулер институты ғарыштық технологияларды ақпараттық-білімдік қамтамасыз ету бөлімі бастығының орынбасары; 

 - «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» АҚ «Ғарыштық зерттеулер институты» ЖШЕС директорының орынбасары; 

 - 2012 жылғы көктемде Астана қ. Оқушылар сарайындағы жас ғарышкерлер мектебінде сабақ берді, «3D модельдеу» үйірмесін басқарды;

 - 2015 жылғы қыркүйекте «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесінің бортинженері ретінде Халықаралық ғарыш станциясына ұшты.  

Қазақстан Республикасының ұшқыш-ғарышкері (12.10.2012), «Халық Қаһарманы» (14.10.2015) атағына және «Қазақстанның ұшқыш-ғарышкері» (14.10.2015) құрмет атағына ие болды, «Отан» орденінің кавалері (14.10.2015). 

 2016 жылғы қаңтарда «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Ғарыш жүйелерін жасау және пайдалану жөніндегі Вице-президенті болып тағайындалды, 2019 жылғы 26 ақпанда «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына – Өндіріс жөніндегі Басқарма мүшесі болып қайта сайланды.

2020 жылғы сәуір айынан бастап «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына қайта сайланды.

2021 жылғы қыркүйек айынан бастап «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды.

САДВАҚАСОВ МАҚСАТ БАУРЖАНҰЛЫ

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

1981 жылы туған. Жұмыс өтілі – 16 жыл.

2002 жылы Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университетін, 2005 жылы – Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетін аяқтады.

«Кабанбай - 1» ЖШС құқықтық және коммерциялық сұрақтар бойынша директор орынбасары (03.2005 – 06.2008 жж.);

«БРК - Лизинг» АҚ менеджері, бас менеджері, № 1 Жобалық дирекцияның басшысы (06.2008 – 01.2012 жж.);

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Астана қаласы бойынша филиалы «Есіл» ауданының бөлім бастығы (01.2012 – 09.2012 жж.);

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Астана қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары (09.2012 – 04.2013 жж.);

«pNetworks» ЖШС атқарушы директоры (04.2013 – 01.2017 жж.);

«Қазпочта» АҚ филиалы - Техникалық қызмет директорының орынбасары, Астана қ. (01.2017 – 08.2017 жж.);

«Astana Hub» IT-стартаптардың халықаралық технопаркі» Корпоративтік қоры Бас директорының орынбасары, басқарушы директор (11.2017 – 08.2021 жж.);

2021 жылғы 1 қыркүйегінен бастап «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына сайланды.




ДУШНИЯЗОВА Диана Сахитжанқызы 

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары

Диана Сахитжанқызы - Шымкент қаласының тумасы, 1996 жылы 11 сәуірде дүниеге келген.

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін бітірген, ауыл шаруашылығы ғылымдарының бакалавры және магистрі (2013-2019). Сонымен қатар Мичиган мемлекеттік университетінде ГАЖ курстарынан өтті (2018-2019).

Соңғы 4 жылда «Агротехнологиялық хаб» корпоративтік қорында директордың орынбасары ретінде қызметін атқарды, сонымен қатар дрондар арқылы қашықтықтан зондтау қызметтері бойынша жобаны басқарды. Сонымен бірге, оның ауыл шаруашылығы, мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдары үшін географиялық ақпараттық жүйелерді дамыту бойынша кәсіби жобалары бар.





Қуандық Ислямович Шуленбаев

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары

Қуандық Ислямович Шуленбаев 1988 жылы 26 ақпанда Павлодар облысында дүниеге келген.

 
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Жерге орналастыру және кадастр» мамандығы бойынша бітірген (2005-2009).

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Кадастр» мамандығының магистрі (2014-2016)

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ғарыштық мониторинг саласында үлкен жұмыс тәжірибесі бар, өткен жылы спутниктік навигация департаментінің директоры реттінде қызметін атқарған.

Ғарыштық технологиялар саласында шетел университеттерінде ғылыми тағылымдамадан өтті.