ҚАЗ   РУС   EN   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРЛІГІ

«ҚАЗАҚСТАН ҒАРЫШ САПАРЫ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

БАСШЫЛАР ҚҰРАМЫ


ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП


ҚҰРЫЛЫМ



ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ ОТЫРЫСТАРЫНЫҢ ХАТТАМАЛАР МҰРАҒАТЫ 

сертификаттар

БІЗ ЯНДЕКС КАРТАСЫНДА 

компания туралы

Компания міндеті – Қазақстан мүддесі үшін ғарыштық технологиялар, өнімдер мен қызметтерді енгізу. Сондай-ақ, бәсекеге қабілетті ғарыштық жүйені өздігінен жобалау, жасау және пайдалану, сондай-ақ, аумақтық және халықаралық нарықта сұранысы жоғары болатын сапалы қызмет көрсету.

Компания іс-әрекетінің негізгі бағыттары: Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласында қолданыстағы және ұзақ мерзімді салааралық бағдарламаларды жасауға қатысу Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық тапсырмаларын орындауға бағытталған ғарыштық технологияларды енгізу Ғарыштық жүйелер мен кешендерді құру бойынша тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу

Корпоративті басқару – Қоғам корпоративті басқарудың маңыздылығын түсіне отырып, оның принциптерін енгізуге үлкен назар аударады. Қоғамда корпоративті басқару Кодексі бекітілген. Қоғам жалғыз Акционердің, Қоғам менеджментінің және қызығушылық танытатын тұлғалар мүдделерінің тепе-теңдігін сақтауға ұмтылады. Қоғамның корпоративтік басқару жүйесі бірнеше корпоративтік деңгейлердің өзара байланысын қамтиды: жалғыз акционер, директорлар кеңесі, Қоғамның атқарушы органы, сонымен қатар еншілес және тәуелді ұйымдарды басқарудың ұқсас органдары.


«Казкосмос» Ұлттық компаниясы» жарғы капиталында 100 пайыз мемлекеттің қатысуымен 2005 жылы 17 наурызда құрылды. 2007 жылы 2 тамызда компания «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы болып өзгертілді.

Тапсырыс тартуды, оларды өнімдік бағыттар мен функциялар бойынша құрылған еншілес және тәуелді ұйымдарға үйлестіруді қамтамасыз етеді. 

1. ғарыштық аппараттар мен ғарыштық техника бөлшектерін жобалау, құрастыру және сынау

 2. ЖҚЗ пайдалану және ЖҚЗ деректерін беру 

3. Жоғары дәлдікті ғарыштық навигацияның жерүсті инфрақұрылым жүйесін пайдалану, навигациялық қызмет ұсыну.

Ғарыштық іс-әрекет өнімнің ерекше жоғары деңгейін талап етеді, сондықтан ол озық технология мен шешімге бағытталған. Компанияның сапа менеджменті жүйесі халықаралық және қазақстандық стандарт талаптарына сәйкестігіне сертификатталды ( ISO 9001 и СТ РК ИСО 9001).

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының негізінде 2007 жылы консультативтік-кеңесші орган – «Ғарыштық қызмет» стандарттау бойынша ТК 66 техникалық комитет құрылды. ТК 66 2008 жылдан бері «Авиация және ғарыштық аппараттар» СХҰ/ТК 20 Халықаралық техникалық комитет құрамына кіреді.

Компанияның бекітілген құрылымына сәйкес, Директорлар кеңесі компанияның ағымдағы тапсырмалар шешімін басшылығында Төраға тұратын Басқармаға өкілеттік ете отырып, компанияның жалпы қызметін басқарады. Директорлар кеңесінің міндетіне және құзырына Компанияның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін тапсырмаларына сәйкес келетін, компанияның перспективті дамуының өзекті мәселелері бойынша шешімдер әзірлеу және қабылдау жатады. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ корпоративті басқару саясаты мен тәжірибесін ұдайы жетілдіреді. Компанияда компания құндылықтарын, сондай-ақ, оның жұмысының негізі мен сыртқы байланысын анықтайтын корпоративті басқару Кодексі жұмыс істейді.


ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРАМЫ


Олжабеков Мәлік Серікұлы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Вице-министрі

Ташенев Бақытбек Хакімұлы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы

Буралхиева Разия Сланмхановна

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Төрағасының орынбасары

Абылкасымова Тахира Какимоллаевна

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Әкімшілік жұмыс басқармасының басшысы

Аимбетов Айдын Аканович

Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы.

Машабаев Азат ЕркинҰЛЫ

Тәуелсіз директор

Мәдиев Мағжан Дінмұхаммедұлы

«Astana Hub» IT-стартаптардың халықаралық технопаркі» Корпоративтік қорының Бас директоры

Тәуелсіз директор

Гани Абадан

Abadan & Company" ЖШС Бизнес-кеңесшісі


ОМБУДСМЕН

Омбудсмен-Қоғамның Директорлар кеңесі тағайындайтын тұлға, оның рөлі өзіне жүгінген Қоғам қызметкерлеріне консультация беру және еңбек дауларын, корпоративтік жанжалдарды, әлеуметтік-еңбек сипатындағы проблемалық мәселелерді шешуге, сондай-ақ Қоғам қызметкерлерінің іскерлік этика қағидаттарын сақтауға жәрдем көрсету болып табылады.

Омбудсменнің міндеттерін орындау 2021 жылғы 31 мамырдағы Директорлар кеңесінің шешімімен Ғарыш жүйелерін дамыту басқармасының басшысы - Есенов Әлімжан Серікұлына жүктелді.

ЕНШІЛЕС КӘСІПОРЫН


ТОО «Ghalam»

 ЖШС «Ghalam» - 2010 жылғы Қазақстан мен Франция арасындағы серіктестік туралы келісім шеңберінде Ғарыштық аппараттарды құрастыру-сынау кешенін құру және оны одан әрі пайдалану жобасын жүзеге асыру мақсатында құрылған бірлескен қазақстандық-француздық кәсіпорын.   


Құрылтайшылар: Қазақстан жағынан - «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ (72%), ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитеті (0,5%), Франция жағынан «Airbus Defence&Space SAS» компаниясы (27,5%).


Басқарма төрағасы – Бас директор - Қожаев Қайыржан Ерсайынұлы

https://ghalam.kz/ru/kompaniya#about


БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНДАҒЫ КОМПАНИЯ ӨКІЛДІГІ

2006 жылдың 1 сәуірінде Байқоңыр қаласында "ҚҒС" ҰК" АҚ-ның өкілдігі ашылды. Бұл өкілдіктің негізгі міндеті "Байқоңыр" кешенінде компания мүдделерін қорғау болып табылады. 

 2015 жылдың 25 қаңтарында Байқоңырдағы өкілдік қайта құрылып, оның негізінде Байқоңыр қаласындағы әкімшілік ғимаратты пайдалану және қамтамасыз ету бөлімі іске қосылды. 

 Бөлімнің басты міндеті - аумағы 5372,7 шаршы метрді құрайтын 7 қабатты әкімшілік ғимараттың және 5 қабатты 40 пәтерлі тұрғын үйдің барлық жүйелерін пайдалану және ақаусыз жағдайда сақталуын қамтамасыз ету. 

ЗАО МЕЖДУНАРОДНАЯ КОСМИЧЕСКАЯ КОМПАНИЯ «КОСМОТРАС»

ЗАО Международная космическая компания «Космотрас» основана в 1997 году.

Основная цель деятельности: реализация программы РФ по использованию выводимых из эксплуатации ракет РС-20 для запусков на околоземную орбиту космических аппаратов.

В декабре 2010 года АО «НК «Қазақстан Ғарыш Сапары» имеет долю в размере 10% акций.

Исполняющий обязанности генерального директора Солодовников Евгений Валерьевич

Контакты: Российская Федерация 123100, г. Москва, ул. С. Макеева д 2. Стр.2
http://www.kosmotras.ru/company/

Фотографии взяты с официального сайта  http://www.kosmotras.ru/gallery/

Компанияның дистрибьютерлері мен әріптестері