«ҚАЗАҚСТАН ҒАРЫШ САПАРЫ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
2015 ЖЫЛЫ ЖҰМЫС ЖАСАЛДЫ
ҰЛТТЫҚ ҒАРЫШ ОРТАЛЫҒЫ
КЕЛУШІЛЕРДІҢ ҰЛТТЫҚ ҒАРЫШ ОРТАЛЫҒЫ ҒИМАРАТЫНДА БОЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасының заңнамасына және ішкі ережелерге сәйкес Ұлттық Ғарыш Орталығына (бұдан әрі – ҰҒО) келіп кету үшін келесі ережелерді сақтау қажет: 1. ҰҒО ғимаратына келуге шақырған бастамашылардың «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ басшылығымен келісілген өтінімі бойынша және қонақтың келуіне жауапты қызметкердің міндетті түрде бірге еріп жүруімен рұқсат етіледі.
2. Мас күйдегі немесе есірткі пайдаланған адамдарға; кіруге рұқсаты және жеке куәліктері жоқ адамдарға; 16 жасқа дейінгі балаларға ғимаратқа кіруге тиым салынады.
3. Оқу орындарының тәрбиеленушілері мен студенттері тиісті оқу орны алдын ала ұсынып, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ басшылығымен келісілген тізімге сәйкес жауапты тұлғамен бірге кіргізіледі.
4. ҰҒО ғимаратына келушілер алдын ала берілген тізімдердегі деректерді тексеру үшін жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, Қазақстан Республикасының немесе басқа мемлекеттердің паспорты) ұсынады.
5. Жұмыс орнында өз міндеттерін атқару барысындағы қызметкерлерден өзге тұлғаларға, ҰҒО ғимаратына ату қаруымен немесе суық қарумен және оларға арналған оқ-дәрілермен, сондай-ақ, арнайы құралдармен (газ, пневматикалық қару, электрошок құрылғылары, оқ өткізбейтін күртешелер және т.б.) кіруге қатаң тыйым салынады.
6. Келушілерге «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ басшылығымен алдын-ала келісілген өтінімсіз аудио, видео, фотоаппаратура және басқа да электрондық және техникалық құралдарды (компьютерлер, радиостанциялар, жазу құрылғылары, магниттік және электрондық сақтау құралдары, электронды ноутбуктар) әкелуге тыйым салынады.
ҰЛТТЫҚ ҒАРЫШ ОРТАЛЫҒЫ ҒИМАРАТЫНА ЭКСКУРСИЯ ӨТКІЗГІСІ КЕЛЕТІН МЕКТЕПТЕР МЕН ИНСТИТУТТАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА
Ұлттық ғарыш орталығында (бұдан әрі - ҰҒО) экскурсиялар оқушыларға ғарыш саласындағы мамандықтар туралы кәсіптік бағдар беру мақсатында және «Қазақстан Ғарыш Сапары»ҰК» АҚ қызметкерлерінің жұмысы туралы түсінік алу мақсатында өткізіледі, Тұтынушының максималды ыңғайлылығы және өзара түсінушілікті арттыру үшін, ҰҒО-ның рұқсатнамалық тәртіптемесі бар және белгілі бір ережелер сақталатын режимдік ғимарат екені есте сақталуы қажет:
1. Жоспарланған экскурсия алдын-ала, күтілетін күнге дейін кемінде 1 (бір) ай бұрын келісіледі.
2. Өтініш «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК»АҚ басшылығының атына (басшылықтың толық аты-жөнін веб-сайттағы «Басшылық» бөлімінен алуға болады) оқу орнының басшысы қол қоятын ресми бланкта жазылады және экскурсияға қатысушылардың тізімі қосымша беріледі.
3. Экскурсияға қатысушылардың саны 30 адамнан аспауы керек. Оған қоса 2-3 жетекші болады.
4. Экскурсия белгілі бір маршрут бойынша өткізіледі, оның барысында компанияның бір немесе екі қызметкерімен қысқа әңгімелесу жүреді - сондықтан болып жатқан оқиғаларға назар аудару және қызығушылық таныту үшін, экскурсияға 6-11 сынып оқушылары, сондай-ақ колледждер мен университет студенттері жіберіледі.
5. Экскурсия барысында оқушылар мен студенттердің топ жетекшілері мектеп оқушылары мен студенттердің жалпы қабылданған тәртіп пен тазалық ережелерін сақтауын қамтамасыз етуі керек.
6. Оқушылар мен студенттер тәртіп сақтап, экскурсия мен топ жетекшілерінің барлық нұсқауларын нақты орындауы қажет.
Кездесу телефон арқылы жүзеге асырылады 76-94-27