Абай облысының аумағында маңында бірнеше күннен бері орман өрті жүріп жатыр, бүгінде елді мекендерге...


Абай облысының аумағында маңында бірнеше күннен бері орман өрті жүріп жатыр, бүгінде елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

1 (97).png

Ғарыштық мониторинг деректері бойынша 24 мамырдағы жағдай бойынша жанған аумақтың жалпы ауданы 3942,8 гектарды, Қазақстан Республикасының аумағындағы өрт аумағы 2915,9 гектарды құрайды.

Абай облысы Бородулиха ауданындағы өрт кезінде «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мамандары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Жедел штабымен тұрақты негізде жұмыс жүргізді.

Айта кету керек, Абай ауданындағы өрт туралы ағымдағы деректер қолжетімді болған сайын жаңартылып,
https://emer.gharysh.kz/ геосервисінде көрсетілген. Геосервиске қолжетімділік Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Жедел штабына берілді.


2 (93).png

22 мамырға арналған ғарыштық сурет
3 (84).png

23 мамырдағы күйген аймақ пен алғашқы жылу нүктелерімен 22 мамырға Астана уақытымен сағат 22:24-тегі спутниктік сурет

4 (57).png


24 мамырдағы Астана уақыты бойынша сағат 11:28-дегі өртенген аумақтың ғарыштық суреті


5 (35).png


24 мамыр, Астана уақыты бойынша сағат 11:28-дегі өртенген аумақ пен өрттің бүкіл кезеңіне жылу нүктелері бар ғарыштық суреті
6 (24).png
24 мамыр, Астана уақыты бойынша сағат 11:28-дегі «Семей Орманы» мемлекеттік қорының жанған аймағы мен аумағының спутниктік суреті




Баспасөз қызметі
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ