Үстел теннисінен турнирде «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ командасы бірінші орын алды

2023 жылғы 19 мамырда Қазғарыштың ведомстволық бағынысты ұйымдары арасында ҚР ЦДИАӨ Аэроғарыш комитеті төрағасының кубогы үшін үстел теннисінен жыл сайынғы дәстүрлі турнир өтті.

Турнир по теннису 19.05 (1).png


Жарыс қорытындысы бойынша бірінші және төртінші орындарды «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ спортшыларынан құралған екі команда жеңіп алса, екінші және үшінші орындар «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ екі командасына бұйырды.

«Омега» командасы – турнир жеңімпаздары:

1. Тоимбетов Арман
2. Айтбаев Иса
3. Жандосова Қырмызы

«Орион» командасы – 4 орын:
1. Туғанбаев Ерлан
2. Тұрысбаев Сымбат
3. Молдахметова Перизат

Команда сізді турнирдегі лайықты жеңісіңізбен құттықтайды! Осымен тоқтап қалмай, әрқашан алға ұмтылып, кез келген шыңды бағындыруды тілейді.


Баспасөз қызметі
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ