Елордалық запастағы офицерлер жауынгерлік оқу-жаттығу жиынына шақырылды

Астананың жүзден астам запастағы офицері жауынгерлік оқу-жаттығу жиынына жіберілді. Әскери міндеттілер елорданың аумақтық қорғаныс бригадасында дайындықтан өтеді.
Әскерге шақырылғанға дейін олар әскери қызметке жарамдылығын анықтау үшін медициналық тексеруден өтті. Бас қаланың Қорғаныс істері жөніндегі департаменті алаңға келгендерді тексерген соң әскери міндеттілер құрамы 99255 әскери бөліміне жіберілді.
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ның бес қызметкері оқу-әскери жиындарға жіберілді;
  • Абдихалык Нурдаулет Ақылбекұлы;
  • Илесов Сабыржан Бауржанович;
  • Абилькаламов Сункар Абаевич;
  • Абдрахманов Рустам Иршатович;
  • Кенжегалиев Еламан Муратулы.
учебно-воинские сборы (1).png

Он күн ішінде запастағы әскерилер тағайындалған лауазымдарға сәйкес даярлықтан өтеді, жауынгерлік үйлестіру шараларына қатысып, практикалық машықтарын пысықтайтын болады.
Жауынгерлік жиын барысында әскери міндеттілер әскери мүлікпен, тамақпен және медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі. Оқу-жаттығу жиынының бағдарламасын сәтті меңгерген әскери міндеттілерге кезекті әскери атақтар берілетін болады.


Баспасөз қызметі
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ