Адамның алғашқы ғарышқа ұшқан күні!

Қызметі ғарыш ұғымымен тығыз байланысты барлық мамандарды бүгінгі адамның ғарышқа алғаш ұшу күнімен құттықтаймыз!
1961 жылы 12 сәуір адам баласының ғарышқа алғаш рет ұшқан күні – оны Юрий Гагарин жасаған болатын. Бұл тарихи оқиға бүкіл әлемге ғарыш кеңістігін зерттеуге жол ашты.


1 (87).png



Ғарышкер-ұшқыш Юрий Алексеевич Гагарин қазақ жеріндегі «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарышқа «Восток» кемесімен аттандырылды.
Ұшу кезіндегі Гагариннің байланысу есімі - «Кедр» болатын. Зымыран көтерілуінің басында Гагарин бүгінгі күнге дейін қанатты болып үлгерген сөзі: "Кеттік!» еді.

Бүгін, 12 сәуірде бүкіл әлем космонавтика күнін атап өтуде – бұл ұмытылмас күн, адамның ғарышқа алғаш ұшуына арналған мерекелік күн. Себебі бұл күн бірінші кезекте ғылымның және қазіргі уақытта Ғарыш саласында жұмыс істейтіндердің барлығының ерекше, салтанатты күні.


Баспасөз қызметі
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ