Мәслихат депутаттығына кандидат Ұлттық ғарыш орталығында сайлаушылармен кездесті

Ұлттық ғарыш орталығында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары аясында кездесу өтті.

Астана қаласы мәслихаты депутаттығына кандидат Нұрлан Мүсілім «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ еңбек ұжымымен кездесті.


аманат (1).png



Ұлттық ғарыш орталығында болған сапарында Нұрлан Мүсілім қызметкерлерді «АМАНАТ» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, жиынға қатысушылардың өтініштерін тыңдады. Сұрақтар қаланың жол-көлік инфрақұрылымына, балаларға арналған мектептер мен әлеуметтік нысандардың құрылысына, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған жағдайға қатысты болды.

Нұрлан Мүсілім бұл мәселелер «АМАНАТ» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрсетілгенін және оларды шешу партия үшін ең маңызды мақсат ретінде белгіленгенін атап өтті.

Қазақстанда 19 наурызда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.

Сіз өзіңіздің сайлау учаскеңізді келесі қызметтер арқылы біле аласыз:
* sailau.astana.kz веб-қызметі;
* Telegram-дағы чат боты  (sailau_astana_bot);
* Smart Astana мобильді қосымшасы;
* iKomek бірыңғай байланыс орталығы, 109 телефоны бойынша.



Баспасөз қызметі
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ