«Digital Almaty 2023» халықаралық цифрлық форумы

Өткен аптада Алматыда «Digital Almaty 2023» ауқымды халықаралық цифрлық форумы өтті.


6 (19).png


Digital Almaty – цифрлық күн тәртібін, жаңа цифрлық трансформация стратегияларын және цифрлық технологиялар саласындағы трендтерді талқылауға арналған дәстүрлі диалог алаңы. Форум 2018 жылдан бері бесінші рет өткізіліп отыр.


9 (8).png


Айдын Айымбетов «Digital Almaty-2023» халықаралық цифрлық форумының салтанатты ашылуына қатысты, онда Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин сөз сөйледі.


8 (8).png


Атап айтқанда, «ҚГС» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Айдын Айымбетов Astana Hub халықаралық технопаркі мен Tech Garden инновациялық технопаркінің жобаларымен танысты. Ол панельдік сессияларға, көрмелерге және мектеп оқушылары арасында робототехника және инновациялық технологиялар бойынша Digital Ministry Cup чемпионатына қонақ ретінде қатысты. Сонымен қатар, Айдын Айымбетов OneWeb, Thales Alenia Space өкілдерімен, сондай-ақ қоғам және мемлекет қайраткерлерімен бірқатар кездесулер өткізді.


7 (10).png


Шараның ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, Tech Garden және Astana Hub.


Баспасөз қызметі
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ