2022 жылға арналған жұмыс қорытындылары және 2023 жылға арналған жоспарлар туралы ҚР ЦДИАӨМ алқасының отырысы

26 қаңтарда Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.А.Смайыловтың қатысуымен кеңейтілген алқа отырысы өтті.


коллегия 2601.png


Алқа отырысында министрліктің өткен жылғы жұмысының қорытындысы шығарылып, алдағы жылға арналған мақсаттар белгіленді.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Айдын Айымбетов «Minerals.gov.kz» жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы және «JerInSpectr» жерді ұтымды пайдалану мониторингі платформасы сияқты жобаларды іске асыру барысы туралы баяндама жасады.

Ол өз сөзінде су ресурстарын ұтымды пайдалану алаңының жоспарлы әзірленуін баяндады.

Айдын Айымбетов ғарыш қызметін дамыту Қазақстан үшін жаһандық бәсекеге қабілеттілік мәселесі екенін атап өтті.


3 (75).png


Алқа отырысының соңында Премьер-Министр Әлихан Смайылов қазақстандық жерсеріктерді шығаруға ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін және отандық инженерлерді тарту керектігін айтты.

Баспасөз қызметі
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ