Қазақстанда қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерінің интерактивті картасы іске қосылды

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АК мемлекет меншігіне қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерінің интерактивті картасын әзірледі. jerkarta.gharysh.kz геосервисінде бұрын пайдаланылмаған және заңсыз берілген мемлекетке қайтарылған жер телімдері туралы барлық ақпарат бар.



2 (80).png



Геосервис мемлекетке қайтарылған әрбір жер учаскесін бақылауға, оның геопозициясын, контурын, сондай-ақ аумақ пен соңғы меншік иесі немесе жер пайдаланушы туралы ақпаратты көруге мүмкіндік береді.

Интерактивті карта азаматтарға қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлеріне кез келген уақытта мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді және осы учаскелерге құқық беру үшін жергілікті атқарушы органдарға өтініш беруде бағдар болады. Өз кезегінде жылдар бойы пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін тартуға, сондай-ақ тұрғындарды ауыл шаруашылығына қажетті аумақтармен қамтамасыз етуге қызмет етеді.

2022 жылдың басынан бері Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып берілген және  пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.


Баспасөз қызметі
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ