«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ 2022 жылдың қорытындысы

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ өткен 2022 жылғы жұмысының негізгі нәтижелерімен дәстүрлі түрде бөліседі.

Не істелді?

2022 жылы мемлекеттік органдардың салалық міндеттерін шешу үшін ауданы 48 768 211 шаршы шақырым кеңістіктік деректер беріліп, 13-тен астам геосервис енгізілді.

Әрбір интернет пайдаланушысы үшін ашық қолжетімді https://km.gharysh.kz/ сайты әзірленді, ол Жерді қашықтықтан зондтауды ғарыштық бақылау негізінде жұмыс нәтижелерін бақылауға мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалануды бақылау үшін «JerInSpectr» цифрлық платформасы әзірленіп, іске қосылды.

«Minerals.gov.kz» жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы әзірленді, ол ашықтықты қамтамасыз етеді, сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардың барлау немесе тау-кен жұмыстарын жүргізуге лицензия алу үдерісін жеделдетеді.

Жерді қашықтықтан зондтау жерсеріктердің деректерді сандық биіктік үлгілерін алу мақсатында 835 жерүсті басқару нүктелері жиналды.

Мемлекеттік органдар үшін ғарыштық мониторинг бойынша келесі жұмыстар жүргізілді:

Су ресурстарын бақылау бойынша келесі мәліметтер анықталды:



2 (77).png




- көлемі 45,47 га өндірістік және тұтыну қалдықтары бар 56 табиғи полигон;
- ауданы 11,91 га кең таралған пайдалы қазбаларды 3 рұқсатсыз өндіру;
- 1141 ғимараттар мен құрылыстар, оның 540-ы ГЗК ААЖ дерекқорында жоқ;
- 21870,7 га егістік жер;
- 805 га жайылымдық жер.



Өндіріс және тұтыну қалдықтары мен заңсыз өндіру мониторингі бойынша келесі мәліметтер анықталды:


3 (73).png



- 5 683 рұқсат етілмеген қалдық объектілері;
- 2521 рұқсат етілмеген тау-кен өндіру орны;
- 3948 жойылған қалдықтар объектілері.



Орман ресурстарын бақылау бойынша келесі мәліметтер анықталды:



1 (80).png




- Қазақстанның 205 956,67 шаршы шақырымдық ормандары жаңартылды.
- 184 085 ыстық нүктелер (мүмкін өрттер);
- Негізгі орман қорының 139 234,31 га өртенген аумақтары;
- 3142 орманды кесу полигоны.


Жер ресурстарының мониторингі бойынша келесі мәліметтер анықталды:


4 (51).png



- 444 000 тіркелмеген жер учаскелері;
- 1,1 млн га пайдаланылмайтын егістік жер.



Ауыл шаруашылығы мониторингі бойынша келесі мәліметтер анықталды:


5 (28).png



- 20,1 млн га ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік жер;
- 11,8 млн га жерде мал басы жоқ.




Баспасөз қызметі
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ