Денесі саудың рухы сау!

Сіздермен қызметкерлеріміздің мерекелік жүгіру нәтижелерімен бөліскіміз келеді!
1 (76).png
2022 жылдың 25 желтоқсанында елорданың барлық қонақтары мен тұрғындары үшін дәстүрлі Qysqy Jugiru қысқы жарысы өтті.
Шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Мерекелік жарысқа Қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі бөлімінің инженерлері Әлішер Советқажиев пен Гүлдана Мурзағұлова қатысты.
2 (73).png

Мәре сызығында қатысушылар құрмет медальдарымен марапатталды. 18 бен 60 жас аралығындағы 200-ден астам спортшы 10 шақырым қашықтықта жеңіс үшін белдесті. F 18-29 жас санаты бойынша біздің Темір ханым екінші орынды иеленді! Триатлон федерациясында Гүлданаға диплом және кеуде қуысының жүрек соғу жиілігін өлшейтін құрал түріндегі бағалы сыйлық табыс етілді.
4 (48).png

Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз, алдағы уақытта да спорттық биіктерге жетуге тілектеспіз!!!
3 (70).png

Спортшыларымыздың қатары көбейіп келеді, барлығын спортқа шақырамыз.

Өйткені, сау денеде – сау рух!


Баспасөз қызметі
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ