«Minerals.gov.kz» жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы

Бірыңғай жер қойнауы платформасы ашықтықты қамтамасыз етіп, екі лицензия алу үдерісін жылдамдатады, атап айтқанда жеке және заңды тұлғаларға барлау немесе тау-кен жұмыстарын жүргізу үшін лицензиялары.

Дизайн без названия (20) (1).png


Қазіргі уақытта әлеуетті инвесторлар инфрақұрылымнан бастап бұрынғы геологиялық және геофизикалық есептерге дейін сұралған аумақтың толық бейнесіне қол жеткізе алады.

Автоматтандырылған платформа құралдары қиылысатын ресурс қақтығыстарын бірден көрсетеді.

Мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуі үшін Minerals.gov.kz платформасының картасына жер асты сулары, жер қойнауы қорының бірыңғай кадастры, елді мекендер, гидротехникалық құрылыстар, су қорғау аймақтары мен белдеулері, қорымдар, зираттар, инженерлік құрылыстар, ААЖ МКҚК жер учаскелері сияқты қабаттар жүктеледі.

Ағымдағы жылдың соңына дейін 30 мың геологиялық есепті жүктеп алып, мемлекеттік органдар үшін қосымша функцияларды әзірлеу жоспарлануда.

«Minerals.gov.kz» жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасын іске асырудың соңғы кезеңі 2023 жылдың мамырына жоспарланған.

Айта кету керек, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Мемлекет басшысының 2022 жылғы 14 шілдедегі тапсырмасын орындау мақсатында геологиялық ақпаратқа қол жеткізу, лицензияланған аумақтарды бөлу, сондай-ақ есеп беру және жер қойнауын пайдаланушылардың қызметін мониторингілеу үшін әзірлеген.


Баспасөз қызметі
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ