Тоқтар Әубәкіров атындағы дәрісхана ашылды

7 желтоқсанда С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы», техника ғылымдарының докторы, профессор Әубәкіров Т.О. атындағы дәрісхана ашылды.

1 (73).png


Шараға ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров пен Айдын Аимбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Сауытбек Әбдірахманов, Аманжол Әлтаев және Жанарбек Әшімжанов, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Нұрбек Саясат, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағылан Беков, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» АҚ басқарма төрағасы Балпанов Дархан, Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов қатысты.

2 (71).png


Дәрісханада ғарышкердің балалық шағынан бүгінге дейінгі өмірінің елеулі кезеңдерін бейнелейтін шағын фотокөрме ұйымдастырылды. Көрмеде ғарышкер Александр Волков пен австриялық ғарышкер Франц Фибектің 1991 жылғы 2 қазанда «Мир» ғарыш кемесінде Тоқтар Әубәкіровтың орбитаға ұшқанын куәландыратын фотосуреттері, сондай-ақ жеке мұрағаттағы фотосуреттер; 1988 жылы ұшуға дайындық кезінде астронавтта болған дулыға, батырдың бейнесі бар пошта маркасы, авиациялық сынақ ұшқышының костюмі таныстырылды. Сондай-ақ әлем классиктерінің 90 шығармасынан тұратын кітап қоры сыйға тартылды.

3 (68).png


Тоқтар Әубәкіров атындағы дәрісхана еліміздің түкпір-түкпірінен университетке келген студенттер үшін еңбекқор, мақсатты жастардың туған жері мен идеяларының жүзеге асатын ордасына айналады.




Баспасөз қызметі
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ