Республика күнімен!

Құрметті әріптестер!


874CAE73-D039-4FFC-A5EC-1794741D8AA8.png


       Сіздерді келе жатқан ұлттық мереке – Қазақстан Республикасы күнімен құттықтаймын!

       Өздеріңізге белгілі, қазіргі Қазақстанның дамуы және өркендеу тарихы 1990 жылғы 25 қазаннан, яғни Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданған күннен бастау алады. Осы уақыт аралығында халқымыз қол жеткізген жетістіктерді саралап, жаңа мақсаттарды айқындайтын кезеңде аталмыш күнге мемлекеттік мәртебенің берілуі жақсылықтың нышаны деп есептеймін.

      Қазақстанның саяси-құқықтық негіздерін айшықтайтын маңызды құжаттың негізінде нарықтық экономикасы және толерантты қоғамы, бай рухани мұрасы мен бірегей мәдениеті бар демократиялық мемлекеттің іргетасы қаланды.

      «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ  ұжымы елдің дамуына елеулі үлес қосуда. Қазақстан жерін қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ұлттық операторының функцияларын орындай отырып, біз мемлекеттік органдар мен ұйымдардың күнделікті қызметіне ғарыш технологияларын енгізу үшін мақсатты және жоспарлы жұмыс жүргіземіз.

      Компанияның басты құндылығына қызметкерлер және  олардың әл-ауқаты кіреді. Мереке қарсаңында, сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен құт-береке, қызметтеріңізге толайым табыс пен сәттілік тілеймін!

Басқарма Төрағасы
А.Аимбетов