ҚР ЦДИАӨ және Түркия қорғаныс өнеркәсібі агенттігі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Бүгін, 13 қазанда Түркия Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Ұлттық ғарыш орталығында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Түркияның қорғаныс өнеркәсібі агенттігінің басшысы Исмаил Демирмен кездесті.


ACEB0A26-976F-4228-B249-1093957AD367 (1).png



Делегация Астанаға Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің VI саммитіне қатысу мақсатында келді.

Демир мырза «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ қызметімен танысты, «Ғалам» ЖШС бірлескен кәсіпорнында болды.  Атап айтқанда, бұл Арнайы конструкторлық технологиялық бюроның өндірістік алаңдары мен шағын ғарыш аппараттарын сынау зертханасы.

20EB5B05-803B-4E9D-9F8A-BD83A5C53A7F (1).png


Бағдат Мусин Демир мырзамен аэроғарыш саласының қазіргі дамуы, атап айтқанда, Қазақстанның қашықтықтан зондтау және байланыс спутниктерін уақтылы ауыстыруды қамтамасыз ету мәселелері бойынша пікір алмасты.



C6B26D35-A729-4A96-9C82-165D984A981F (1).png




Сонымен қатар, кездесу барысында Жерді қашықтықтан зондтау деректерімен алмасу, өнеркәсіптік кәсіпорындардың қашықтықтан зондтау және байланыс спутниктерін жасау саласындағы ынтымақтастығы сияқты салалардағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.


72A0EDCE-0B99-40A9-B11B-F252955E2DA9 (1).png



Аталған кездесу аясында тараптар Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Түркия Республикасының Қорғаныс өнеркәсібі агенттігі арасында аэроғарыш өнеркәсібі саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.


770146AB-C0B4-4D15-B5FC-056792598873 (1).png



Бұл қадам спутниктік жүйелерге қатысты жобалар бойынша, сондай-ақ спутниктік байланыс пен телехабар тарату, Жерді қашықтықтан зондтау, технологиялық және ғылыми мақсаттағы ғарыш жүйелерін құру саласында ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді.


3FD968D3-2131-45C6-873D-1E957E75262D (1).png





Баспасөз қызметі
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ