Казпатент алаңында «World Space Week: ғарыштық технологиялар және патенттер» кездесуі өтуде

Дүниежүзілік ғарыш апталығы аясында Қазпатентте «World Space Week: ғарыштық технологиялар және патенттер» тақырыбында кездесу өтуде.


1 (64).png


Іс-шараның мақсаты еліміздің ғарыш саласында ғылыми-техникалық және патенттік-инновациялық қызметті танымал ету.
Іс-шара өз алаңында «Қазақстан Ғарыш Сапары «ҰК» АҚ, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ, «Ғалам» ЖШС, «KazAeroSpace» ЖШС, Назарбаев Университетінің Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебі өкілдерін біріктірді.


2 (63).png


Әділет вице-министрі Ақерке Ахметова Қазақстанның ғарыш кеңістігін дамытуға Айдын Ақанұлы Айымбетовтің қосқан үлесін ерекше атап өтіп, еліміздің аэроғарыш саласының өкілдерін қарсы алып, кездесуді ашты.


5 (20).png


Қазпатент директоры Ербол Оспанов қонақтарды ведомствоның қызметімен таныстырып, жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстары мен Қазақстан халқы арасында өнертапқыштық белсенділікті ынталандыруға бағытталған шаралары туралы айтып берді.

Қазақстандық ғарышкер, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы Айдын Айымбетов «Қазақстан Ғарыш Сапары «ҰК» АҚ ғылыми – зерттеу жобалары аясындағы патенттік қызметі туралы аудиториямен бөлісті.


3 (63).png


Аэроғарыш саласының өкілдері Қазақстанның ғарыштық байланысы, проблемалары, сын-қатерлері, жетістіктері, жоспарланған жобалары және ғарыш саласы үшін кадрлар даярлау туралы айтып, еліміздің ғарыш саласы саласындағы өз жобаларын таныстырды.


4 (43).png


Казпатенттің физика және машина жасау саласындағы патенттік сараптама басқармасының сарапшысы Назифа Бақтыбаева ғарыш өнімдері мен қызметтері нарығындағы жетекші компаниялардың патенттік белсенділігіне талдау жасады.

Қазақстанның NASA United Space School 2022 – дегі өкілі Ярослава Кравчук, Quantum STEM School Astana оқушысы Тәуекел Ерасыл және Казпатент сарапшысы, WSWA, SGAC ғарыштық ұрпақ консультативтік кеңесінің мүшесі - Назифа Бақтыбаева жарқын презентациялар жасады.


6 (16).png


Іс - шараға жаңа буын өкілдері - Назарбаев Университетінің инженерия және цифрлық ғылымдар және Quantum STEM School  мектебтерінің студенттері, Astana Hub жас ғалымдары және Garden School оқушылары қатысатынын атап өту қуантады.




«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ
баспасөз қызметі