Құрамында есірткі бар өсімдіктердің ғарыштық мониторингі

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті (атап айтқанда «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ) «Қарасора» операциясы шеңберінде 2022 жылы құрамында есірткі бар өсімдіктер өсімінің ғарыштық мониторингін аяқтады.


Дизайн без названия (15).png



2022 жылы құрамында есірткі бар өсімдіктердің ғарыштық мониторинг (бұдан әрі – ғарыштық мониторинг) ауданы Түркістан, Қарағанды (Қазіргі Ұлытау облысы), Ақтөбе, Жамбыл және Қызылорда облыстарының аумақтарында 686 мың шаршы километрді құрады.

ҚР Ішкі істер министрлігінің сұрауы бойынша ғарыштық мониторинг ауданы жыл сайын ұлғайып келетінін айта кету керек. Осыған байланысты, мониторинг жүргізу барысында халықаралық ұйымдардың әдістемелік ұсынымдарына сәйкес құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру ареалдарын анықтау процестерін автоматтандыру әдісі қолданылды. Процестерді автоматтандыру ғарыштық мониторингпен үлкен аумақтарды қамтуға мүмкіндік береді.

Орындалған жұмыстардың қорытындысы бойынша 2022 жылы 1 шілде мен 15 тамыз аралығында ҚР Ішкі істер министрлігіне одан әрі верификация жүргізу үшін құрамында есірткі бар өсімдіктер өсетін болжамды ареалдардың 80 координаттық нүктесі жедел берілді.

Сондай-ақ, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ҚР Ішкі істер министрлігі тарапынан тиісті сұраныс болған жағдайда, аталған жұмысты 2023 жылы жалғастыруға толық дайындығын білдіреді.



«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ
баспасөз қызметі