Digital Bridge 2022: Орталық Азиядағы бірінші жерүсті іс-тәжірибелік кешенін ұсынды

Digital Bridge халықаралық форумы 2018 жылдан бастап, әр жыл сайын Астана қаласында өткізіледі. Осы жылы форумның іскерлік бағдарламасы 45 панельдік сессияны қамтиды. Технопарктер көрмесі, IT-стартаптар аллеясы, IT-мектептерінің көрмесі, IT-саласында жаңа қызметкерлерді қабылдайтын бос орындар көрмесі және Astana Hub Battle байқауы ұсынылды.

Бүгін, 28 қыркүйекте форумда «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Eurasian Space Venture компаниясымен бірлесіп, ғарыштық экипажға арналған Орталық Азиядағы бірінші жерүсті іс-тәжірибелік кешеннің көрсетті.


1 (62).png



Кешен 4 секциядан тұрады, оның бірі ғарышта және метеориттер арасындағы ұшуды модельдеуге арналған, сонымен қатар ғарыш кеңістігіндегі ұшуларды имитациялауға арналған сценарийлер де болашақта қосылады. Мәселелерді талдау мен зерттеуге арналған жұмыс орны, инженерлік блокта орналасқан. Тұрғын модульде 4 кереует, ас үй және жуынатын бөлме бар. Ал техникалық модуль байланыс жүйелерімен жабдықталған.


2 (61).png



Жерүсті кешен идеясының басты дем берушісі ұшқыш-ғарышкер Айдын Аимбетов, бұл ғарыштық ғылыми-зерттеу миссиясы, ғарыштануды жастар арасында кеңінен насихаттауға үлкен үлес қосатынына сенімді.


3 (61).png



"Бұл ғарыштық ғылыми-зерттеу миссиясы, жастар арасында ғарыштануды кеңінен насихаттауға үлкен үлес қосады. Жерүсті іс-тәжірибелік кешен көптеген әуесқойлардың арманың жүзеге асыруға мүмкіндік береді", - деді Айдын Аимбетов.


4 (41).png



Іс-тәжірибенің мақсаты – ғарыштық ұшу кезіндегі «адам-қоршаған орта» өзара әрекеттесуін зерттеу. Экспериментаторлар ұзақ уақыт оқшауланған экипаждың денсаулық жағдайы, күйзеліс динамикасы және  жұмыс қабілеттілігі туралы мәліметтер алады.


5 (18).png



Сонымен қатар, кешен, өзгеретін күндіз-түні уақыттарын, температуралық режим және қоршаған ортаның инновациялық жұмыс жағдайлары сияқты бірегей өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ете алады.

Айта кету керек, жобаның серіктесі және бас демеушісі - Eurasian Space Ventures жекеше ғарыш компаниясы және оның негізін қалаушысы Шухрат Ибрагимов.




«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ
баспасөз қызметі