Қырғызстан орман шаруашылығының 75 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

15 қыркүйекте, Бішкек қаласында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мамандары, экология мониторингі және қауіпсіздігі Басқармасының Бастығы Маханов Азамат және ТЖ мен табиғи ресурстар мониторингі Басқармасының Басшысы Кабдулова Гульжиян, Қырғыз Республикасының орман шаруашылығының 75 жылдығына арналған «Климаттың өзгеруі жағдайында таулы орман экожүйелерін тұрақты басқару» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда баяндамаларымен сөз сөйледі.


2 (58).png


Конференцияны құттықтау сөздерімен ашты: Қырғыз Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің Бірінші орынбасары Алишеров Н.К. мырза, Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігінің саяси және экономикалық зерттеулер Басқармасының Басшысы Исанов А.Н. мырза, Түркияның орман инженерлері Палатасының Президенті Хасан Тюркылмаз мырза, АФОКО Атқарушы директоры Рикардо Калдерон мырза.

Кейін, келесі тақырып бойынша Ел презентациялары таныстырылды: «Климаттың өзгеруі жағдайында таулы орман экожүйесін сақтау»: Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Түркия.


«Қазақстан мен Қырғызстанның шекаралас аймақтарында пилоттық орман өсіру және деградацияланған орман алқаптарын қалпына келтіру» тақырыбындағы презентацияны, халықаралық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамының (GIZ) бағдарламасы бойынша жүзеге асырылған, осы халықаралық жобаның Жетекшісі - Маханов Азамат таныстырды.


3 (59).png

Азамат ғарыштық технологияларды қолдану арқылы жұмыс нәтижелерін көрсетті. Бұл презентация конференцияға қатысушылардың қызығушылығын тудырды, себебі мұндай жоба екі ел арасында алғаш рет жүзеге асып отыр.

4 (39).png



«Қазақстан Республикасының орман ресурстарының ғарыштық мониторингі» презентациясын, Орман ресурстарының ғарыштық мониторингі жобасының Жетекшісі Кабдулова Гульжиян таныстырды.

«Қазақстан ормандарының ғарыштық мониторингінің нәтижелері таң қалдырады, себебі ғарыштық технологияларды пайдалану – бұл ең алдымен ақпараттың сенімділігі мен тездігі», - деп атап өтті Гульжиян Аюповна.

5 (16).png



Сондай-ақ, «Орталық Азиядағы климаттың өзгеруімен интеграциялық жерді пайдалану» GIZ аймақтық бағдарламасы Директорының орынбасары Марат Асаналиев «Орманды пайдаланылуын басқаруға интеграциялық тәсілдерін енгізу үшін шекті шарттарды жетілдіру» презентациясын таныстырды, сондай ақ «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-мен атқарылып жатқан жұмыстың маңыздылығы туралы айтып кетті.


6 (14).png




«Қазақ орман шаруашылығы кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры Санат Баймұханбетов өз баяндамасында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ инженерлері әзірлеген Интерактивті картаның әзірленген геосервисі туралы мақтанышпен айтты, бұл біздің жұмыстарымыздың пайдаланылуы мен тұтынушыларға пайда әкелетіндігін көрсетеді.

Айта кету керек, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ның нәтижелері тек қана Қазақстанға пайда әкеле қоймай, жақын арада көршілес елдерге, өз елдерінің ғарыштық мониторингі бойынша бірдей жұмысты бастауға көмектеседі.



«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ
баспасөз қызметі