Конституция күні құтты болсын!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймыз!

Осыдан 27 жыл бұрын, 1995 жылы 30 тамызда еліміздің Негізгі Заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.

Негізгі Заң – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуының сенімді кепілі, сондай-ақ Жаңа Қазақстанның табысты болуының кепілі болып саналады.

1 (59).png


Конституцияда бекітілген нормалар мен қағидаттар еліміздің дамуының берік іргетасына айналды, қоғамдық-саяси тұрақтылықты, татулықты, достықты, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтты.

Бүгін Ұлттық ғарыш орталығында Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеуге орай шара өтті.


2 (57).png


«Осы құжаттың арқасында біз еліміздің тұрақтылығы, келісімі мен әл-ауқаты жолында сенімді түрде жүріп келеміз», - деп басқарма төрағасы Айдын Аимбетов әріптестерін құттықтады.

3 (53).png


Дәстүр бойынша Манар Қасейінов мереке құрметіне домбырамен әсем шығарма орындаса, Арман Тоймбетов Батырхан Шүкеновтың «Отан ана» әнін орындады.

4 (37).png


Сондай-ақ түрлі спорттық шараларда ҚГС намысын абыроймен қорғап жүрген қызметкерлерге ерекше көңіл бөлінді. Айдын Ақанұлы барша спортшыларды құттықтап, құрмет грамоталарымен марапаттап, жеңімпаздарға кубоктар табыс етті.

«ҚҒС алға! Сізбен бірге бізді жеңіс күтуде!»



«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ
баспасөз қызметі