13-14 тамызда ЦМИАӨМ мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері арасында Спартакиада өтті ЦМИАӨМ

Өткен демалыс күндері Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен оған қарасты ұйымдар қызметкерлерінің арасында спартакиада өтті.

1 (56).png
11 (4).png



Бұл шараға 800-ден астам адам қатысты.

2 (54).png



Жарыс шеіберінде спорттың 15 түрінен өтті, атап айтқанда: футбол, волейбол, баскетбол, шахмат, үстел теннисі, теннис, жеңіл атлетика, боулинг, велоспорт, киберспорт, бильярд, арқан тарту, асық ату, кір көтеру, қазақша күрес.


3 (50).png
7 (6).png



Біздің «Қазақстан Ғарыш Сапары» командасы спорттың 8 түрінен белсенді қатысып, Спартакиадада Қоғам атынан лайықты дәрежеде өнер көрсетті. Спартакиада қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте 3-орын біздің «Қазақстан Ғарыш Сапары» командасына бұйырды.

4 (34).png
10 (4).png



Жеке және командалық біріншіліктердің нәтижелерімен бөлісейік:

Баскетбол: 1 орын – Дмитрий Чумаченко, Тоғжан Базарбек, Қ.Қожаев, Өркен Мәжитов, Саят Қошанов, Бақнұр Дүйсенбай, А.Бекенбаев, М.Қапсатарова;

Үстел теннисі (командалық): 1 орын – Иса Айтбаев пен Диана Досжанова;
Үстел теннисі (ерлер): 3 орын – Иса Айтбаев;
Үстел теннисі (әйелдер): 2 орын – Досжанова Диана;

Киберспорт: 1 орын – Қуандық Шүленбаев, Данияр Кақпенов, Өркен Мәжитов, Перизат Молдахметова, Дана Төрехан, Әлібек Тайжанов;

Ерлер арасында 200 метрге жүгіру: 1 орын – Нүркен Жораханов;
Ерлер арасында 2 шақырымға жүгіру: 2 орын – Нүркен Жораханов;

Әйелдер арасында велоспорт: 1 орын – Гүлдана Мырзағұлова, 3 орын – Салтанат Төлепбаева;

Волейбол: 2 орын – Игорь Стихиляс, Нұрсұлтан Минеев, Манар Қасейінов, Жасыбай Шаймерденов, Александр Шахов, Айнұр Аман, Қ.Мұқажанова, Фариза Зейнолланова;

Теннис (командалық): 2 орын – Душниязова Диана мен Тұриспаев Сымбат;

Шахмат (командалық): 3 орын – Душниязова Диана мен Сақтағанов Айтуған;
Шахмат ерлер арасында: 3 орын – Айтуған Сақтағанов;
Әйелдер шахматы: 3 орын – Душниязова Диана.

5 (13).png
6 (11).png



Ұжымның достық және үйлесімді жұмысын көрсеткен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ғарыш командасын және қолдау тобын құттықтаймыз!



«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ
баспасөз қызметі