9 тамызда Байқоңырдан Иранның «Хайям» ЖҚЗ қашықтықтан зондтау спутнигі ұшырылады

Иранның Хайям жер серігі 9 тамызда Байқоңыр ғарыш айлағынан «Фрегат» жоғарғы сатысы бар «Союз-2.1b» зымыран-тасығышында ұшырылады. Спутник ауыл шаруашылығының мәселелерін шешуге, су ресурстарын бақылауға және табиғи апаттармен күресуге арналған.
союз-2 (1).png

Сондай-ақ, жерді қашықтықтан зондтауға арналған «Хайям» спутнигі бір метрлік ажыратыммен әртүрлі визуалды спектрлерде Жер бетін түсіруге қабілетті.

«Союз-2.1б» зымыран тасығышындағы «Хайям» Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш аппаратымен бірге орбитаға бір мезгілде 16 шағын ғарыш аппаратын шығару жоспарлануда.


«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ
баспасөз қызметі