«Арал өңірінің экологиялық бағытталған аймақтық дамуы» аймақтық жобасы

Ағымдағы жылдың мамыр айында ECO-ARAL жобасы бойынша географиялық ақпараттық жүйелер (ГАЖ) және Жерді бақылау бойынша оқыту бағдарламасының кезекті үшінші модулі өтті, аталған жоба шеңберінде Германиядағы әртүрлі экологиялық жобаларда ГАЖ және Жерді бақылау негізіндегі өнімдердің практикалық қолданылуымен танысу мақсатында Қазақстан және Өзбекстан ұлттық серіктестерінің қатысуымен Германияға танысу сапары ұйымдастырылды.

2 (49).png



Айман Батқалова Экологиялық мониторинг және жер қойнауын пайдалану департаментінің 1 санатты инженері ECO-ARAL жобасының барлық 3 модуліне қатысты.

3 (45).png



Атап айтқанда, қатысушылар Берлиндегі Райнер Лемуан институтының (RLI) жобалық қызметімен танысты; спутниктік түсірілімдерге негізделген толық электр және жылу энергиясын жаңартылатын көздерден алатын Фельдхайм ауылында (Бранденбург штаты) болды, Потсдам климаттың өзгеруін зерттеу институтында (ПИК, Потсдам) болды, онда ГАЖ және Жерді бақылау тұрғысынан институттың ғылыми және жобалық қызметімен танысты.

4 (29).png



Сонымен қатар, қатысушылар Жерді бақылау бойынша әлемдегі ең ірі конференциялардың бірі болып табылатын «Тірі планеталар симпозиумы 2022» конференциясына қатысты. Қатысушылар қоршаған ортаны, климатты және басқа да процестерді бақылаудағы соңғы әлемдік жетістіктерге арналған әртүрлі сессияларға қатысты, Германияның аэроғарыштық орталығының (DLR), Esri мамандарының және ГАЖ өнімдерін пайдалану бойынша басқа сарапшылардың кеңестерімен танысты.

5 (10).png



Аталған танысу сапары тренингтер сериясының соңғы үшінші кезеңі болды. Оқыту бағдарламасының нәтижесінде қатысушылар алған білімдері мен дағдыларын ГАЖ және Жерді бақылау негізіндегі экологиялық және басқа жобаларды жоспарлау, шешім қабылдау, іске асыру процестерінде қолдана алады.


«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ
баспасөз қызметі