«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Директорлар кеңесі қаржы директорын сайлады

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ қаржы директоры лауазымына ағымдағы жылдың шілде айынан бастап жұмысын бастаған Арыстан Байгенжин сайланды.


Arystan photo website 2 (1).png


1983 жылы туған А.Байгенжин– Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. Экономика және бизнес, коммерциялық және корпоративтік құқық, құқықтану мамандықтары бойынша үш жоғары білімі бар. Үйленген, екі баласы бар.

Соңғы жұмыс орны – «Қазпочта» АҚ стратегия және қаржы жөніндегі басқарушы директоры лауазымы.

Квазимемлекеттік секторда басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол.


«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ
баспасөз қызметі