Ауылшаруашылық жерлерін бақылауға арналған «JerInSpectr» цифрлық платформасы іске қосылды

Қазақстанда соңғы жылдары ең өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі – жер мәселесі. Бұл іске Үкімет ерекше көңіл бөліп отырғанын білесіздер. Осылайша, пайдаланылмай жатқан және заңға қайшы берілген жерлерді қайтару үшін жұмыс комиссиясы құрылды. Сондай-ақ мемлекетке қайтарылатын, пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылық жерлері көлемін 2022 жылы 5 миллионға ұлғайту.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ елімізде ғарыштық технологияларды дамыту мен қолданудың локомотиві ретінде 2018 жылдан бастап ауыл шаруашылығы жерлерінің ғарыштық мониторингі мәселелерімен айналысып келеді. Бірақ кез келген деректер тәжірибеде қолданылуын таппайынша пайдасыз болып саналады.


15 (1).png


Жерді қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып, Жер кодексінің 145-1 жаңа бабына сәйкес субъектіге бармай профилактикалық бақылау жүргізу бойынша бизнес-процестерді ұйымдастыру үшін «ҚҒС» ҰК» АҚ ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалануын бақылауға «JerInSpectr» цифрлық платформасын әзірлеп, іске қосты.


Бұл платформаның тиімділігі - ғарыштық түсірілім деректерді, картографиялық материалдарды, кадастрлық ақпараттарды, жер теңгеріміндегі ақпаратты біріктіріп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес цифрландырылған бизнес-процестермен электронды құжат айналымына енгізеді.


Бүкіл мониторинг үдерісі қалай жүзеге асатынын айтып берейік: ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитеті ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті орган ретінде ЖҚЗ деректерін ұсынады, Жер ресурстарын басқару комитеті МЖК ААЖ кадастрлық ақпаратарды ұсынады, жергілікті атқарушы органдар барлық өңірлер бойынша жер теңгерімін береді және қалыптастырады.


14.png


Әрбір заң бұзушылық туралы ақпарат электронды құжат түрінде қалыптастырылып, жергілікті атқарушы органдарға және заңға сәйкес тиісті шараларды қабылдайтын жер ресурстарын басқару бойынша аумақтық департаменттерге жіберіледі.


Айта кету керек, процеске қатысушының әрбір қадамы, шешімі немесе құжаты электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітіледі және қайта тексеруге тәуліктің кез келген уақытында қолжетімді. Бұл қабылданған шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етеді және сыбайлас жемқорлық қауіптерін жояды.

Бүгінгі таңда ғарыштық мониторинг деректері бойынша пайдаланылмай жатқан 1 775 мың гектар егістік және 18 миллион гектардан астам жайылымдық жер анықталды. Бұл жерлерді мемлекет меншігіне қайтару үшін ҚР заңнамасында белгіленген қажетті тәртіптер бар. «JerInSpectr» платформасы бұл процесті жылдамдатып сонымен қатар олардың заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге арналған.



«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ
баспасөз қызметі