Экология, геология және табиғи ресурстар министрі «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК»АҚ мамандарына алғысын білдірді

Экологтар күніне орай, Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ қызметкерлеріне Құрмет грамотасы мен алғыс хаттары табыс етілді.


1 (45).png



Экологтар күнін атап өтуге арналған салтанатты шарада ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов құрмет грамотасы мен алғыс хаттарды Экология және қауіпсіздік мониторингі департаментінің басшысы Азамат Махановқа, геоаналитика бөлімінің басшысы Жасыбай Шаймерденовке және Экология және жер қойнауын пайдалану мониторингі департаментінің 1 санатты инженері Айнур Сеитоваға табыс етті.


2 (43).png

3 (40).png

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Брекешев Серікқали Аманғалиұлынан құрмет грамотасы мен алғыс хаттары: «Экологтар күні, кәсіби мерекесіне орай, адал еңбектеріңіз бен Экология саласын дамытуға зор үлес қосқандарыныз үшін алғысымды білдіремін. Болашақта, сіздердің еңбектеріңіз, кәсіби дағдыларыныз бен өмірлік тәжірибелеріңіз, мемлекеттің дамуы мен еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізеді деп сенемін».


Өндірістік және тұтыну қалдықтарының ғарыштық мониторингін жүзеге асыруда кәсіби тәжірибесін қолданатын «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мамандарының жұмысы, Министрлікпен жоғары бағаланды.


Айта кету керек, нәтижелердің дәлдігі жыл сайын 99% пайыздан асады.



«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ
баспасөз қызметі