Мектеп оқушыларына Ұлттық ғарыш орталығында экскурсия өткізілді

10 маусымда Ижевское ауылындағы білім беру мектебінің оқушылары үшін Ұлттық ғарыш орталығында экскурсия өткізілді.


2 (42).png


Ғарыш саласын танымалдандыру мен дамыту мақсатында, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Ұлттық ғарыш орталығында танымдық экскурсияларды ұйымдастырады. Мектеп оқушыларының назарына ажыратымдылығы жоғары 1 метр және орташа ажыратымдылығы 6,5 метр жерсеріктердің макеттері, «Ghalam» ЖШС өнімдері, алюминий мен титаннан жасалған металл бұйымдары және спутниктерге орнатылған кабельдік бұйымдары ұсынылды.


3 (39).png

Сондай-ақ ғарышқа ұшқан тұңғыш адам – Юрий Гагариннің бюсті болған көрме алаңы мен KazEOSat 1 және 2 Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жерсеріктерін басқару орталығы ұсынылды.


4 (27).png

Мектеп оқушылары ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенімен, компанияның құрылуының негізгі сәттері туралы көрсететін экспонаттармен және ғарышкер Айдын Аимбетовтың ғарышқа ұшып, жерге оралған скафандрымен танысты.


5 (8).png

Пайдалану департаментінің директоры Рашит Ахметович Абдразаков, балаларға ғарыш саласындағы бар мамандықтар туралы айтып, Ижевское ауылындағы мектеп кітапханасына Байқоңыр ғарыш айлағы туралы кітаптарды сыйға тартып, қоштасу сөздерін айтты.


«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ
баспасөз қызметі