Алматыда Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының жоғары деңгейдегі халықаралық форумы өтті

8-9 маусымда Алматыда Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының базасында, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы (бұдан әрі – АҚИҰ) бірлесіп Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетімен (бұдан әрі – ҚазҰАЗУ) бірге ұйымдастырған, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі жоғары деңгейдегі халықаралық форум өз жұмысын бастады.

1 (43).png


Форумға «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ, 20 мемлекет өкілдері, құрметті қонақтар, сондай-ақ 500-ден астам қатысушы қатысты.

Спикерлер, ұлттық экономиканы дамытудың басым бағыты - агроөнеркәсіптік кешен екенін, оның алдында бүгінде ауқымды міндеттер тұрғанын айтты.

Басқарма төрағасының орынбасары Диана Душниязова «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ғарыштық мониторинг және қызмет көрсету мүмкіндіктерін көрсетіп, «Ауыл шаруашылығындағы шешімдерді шығаруға қолдауға арналған геокеңістіктік құзыретті орталығы» тақырыбында презентацияны өткізді.

Геокеңістіктік орталық, ғарыштық мониторинг арқылы табиғи ресурстар мен ауыл шаруашылығы мониторингі саласындағы қолданбалы мәселелерді шешу үшін құрылған. Геокеңістіктік деректермен тікелей немесе жанама кездесетін, жеке және мемлекеттік секторлардағы мамандардың құзыреттілігін арттыруға бағытталған, мамандандырылған тренингтер, семинарлар мен конференциялар өткізу басымдық болады.


163A5184 (1).JPG


Сонымен қатар, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ АҚИҰ, Нигерия Республикасы Президентінің жанындағы Вакф жоғары органы, ҚазҰАЗУ және Сахел аймағын 2030 жылға дейін сумен жабдықтаудың кешенді жоспары үшін АҚИҰ климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық технологиялық орталығы 5 жақты өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.


163A5199 (1).JPG

Диана Душниязова «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ геокеңістіктік құзырет орталығы аясында серіктестерге ашық екенін және ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті.



Анықтама:
Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бастамасымен құрылған Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы – 1,5 миллиардқа жуық халқы бар 57 мемлекетті қамтитын ең ірі халықаралық мұсылман ұйымы.



«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ
баспасөз қызметі