Елордада 2022 жыл бойынша 551 санкцияланбаған қоқыс орны анықталды

3 маусымда Ұлттық ғарыш орталығында, кеңістіктік деректер Департаменті директорының орынбасары Алимагамбетов Миргали Сапаргалиевичтің басқаруымен өндіріс және тұтыну қалдықтарының мониторингінің нәтижелерін талқылау және Нұр-Сұлтан қаласындағы пайдалы қазбаларды заңсыз пайдалану орындарын анықтау бойынша кездесу өтті, және Қазақстан Республикасының мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының өкілдерінің қатысуымен бірге:

  • ҚР ЦДҚАӨМ Аэроғарыш комитеті;
  • ҚР ЭГТРМ геология комитеті;
  • ҚР ЭГТРМ Қалдықтарды басқару жөніндегі мемлекеттік саясат Департаменті;
  • ҚР ЭГТРМ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экология Департаменті;
  • Нұр-Сұлтан қаласы аудандарының әкімдіктері
1 (41).png


Ғарыштық мониторинг нәтижелері бойынша, тек 2022 жылы елордада 551 санкцияланбаған қалдықтар объектілері анықталды, оның 363 - осы жылы қалыптасты.

«Қазақстан Ғарыш Сапарының деректерін талдағанда және экология Департаменттерінің пікірлерін көргенде, кәдеге жарату бойынша көп жұмыстар атқарылып жатқанын байқауға болады, дегенмен, елордамыздың қарқынды құрылыс жұмыстарына байланысты жосықсыз құрылысшылардың заңсыз қоқыс үйінділерін жасауы ұлғайып бара жатыр» - өз баяндамасында экология және жер қойнауын пайдалану мониторингі Бөлімінің басшысы Алибек Тайжанов хабарлады.


2 (41).png

Кездесу қатысушылары, жаңа қалдықтардың пайда болуын азайту және оларды жою мәселелерін талқылады. Мұндай ұсыныстар сияқты айтылды: санкцияланбаған қалдықтарды шығару үшін айыппұлды көтеру; жолдарды қадағалау үшін қоқыстардың ең көп және жиі жиналатын жерлерінде және қоқыстарды көп мөлшерде шығаратын тәртіп бұзушылар үшін «Сергек» интеллектуалды бейнебақылау жүйесінің камераларының орналасуын интегралдау.


3 (37).png

Сонымен қатар, Ұлттық ғарыш орталығының жанындағы стихиялық қоқыс үйінділерін мысалға ала отырып, Мемлекеттік органдардың өкілдері үшін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ мамандары әзірлеген WasteView және WasteEdit мобильді қосымшалары көрсетілді.


4 (25).png

Айта кету керек, бұл қосымшаларды пайдалану жергілікті атқарушы органдардың, қалдықтарды жинау орындарын аралау кезінде ыңғайлығына арналған.


«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ
баспасөз қызметі