Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді бақылау және басқару

2 маусымда Ұлттық ғарыш орталығында «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді бақылау және басқару» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің қатысушылары облыстық жер қатынастары басқармаларының, Павлодар, Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Батыс-Қазақстан облыстарының жер ресурстарын басқару департаменттерінің, «Мал шаруашылығы және ветеринария бойынша ҒӨО» ЖШС қызметкерлері, ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палаталардың өкілдері, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер болды.


Мониторинг и управление землями сельскохозяйственного назначения (1).png


Дөңгелек үстел аясында Қазақстан Республикасының жайылымдық жерлерінің ғарыштық бақылау нәтижелерінің мәселелері, ЖҚЗ деректері бойынша жайылымдардың өсімдік түрлерінің жағдайы мен өнімділігін бағалау, жайылымдық жерлерді ұтымды пайдалануды бақылау, аумақтың топырақ-климаттық аудандастырылуына байланысты мал басының саны бойынша жайылымдарға түсетін жүктемені бағалау қарастырылды.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Смаилова А.А тапсырмасы бойынша, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап жүзеге асырылатын «JerInSpectr» платформасы дөңгелек үстел отырысында жарияланды,


3 (35).png


Жер ресурстарын ұтымды пайдаланудың ғарыштық бақылауы нәтижесінде «JerInSpectr» платформасын іске асыру, Кеңістіктік деректер департаментінің Жерді пайдалануды бақылау бөлімінің басшысы Игорь Стихилястың презентациясында ұсынылды.

4 (23).png


Бұл платформа жерді ұтымды пайдалануды бақылау бойынша тараптардың өзара әрекеттесуінің бизнес-процестерін көрсетеді және заңдық маңызы бар құжаттарды құру арқылы жер ресурстарын басқару процестерін автоматтандыруға мүмкіндік береді.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ
баспасөз қызметі