Әлемдегі ең үлкен ғарыш айлағы 67 жылдығын атап жатыр

Дүние жүзіндегі бірінші және ең үлкен ғарыш айлағы Байқоңыр, Қазақстан аумағында, Қызылорда облысында, Қазалы қаласы мен Жосалы кентінің арасында орналасқан.


Байконур.png

1957 жылы дәл Байқоңыр ғарыш айлағынан Жердің алғашқы жасанды серігі «Спутник-1» ұшырылды, сол жылы аты аңызға айналған - Белка және Стрелка иттерінің ұшуы, ал төрт жылдан кейін әлемдегі алғашқы борттағы адаммен ғарыш кемесі ұшырылды.

Байқоңырдың басқа да тарихи оқиғаларының қатарында айдың Н-1 зымыранының сынақтары мен «Буран» көп рет қолдана алатын ғарыш аппаратының ұшуы. Ал 1998 жылы «Заря» модулі ұшырылды, одан Халықаралық ғарыш станциясын (ХҒС) құру басталды.

Бүгінде Байқоңыр әлемдегі ең сенімді және белсенді ғарыш айлағы болып саналады. Оның есебі бойынша 5 мыңға жуық түрлі зымыран ұшырылды, сонымен қатар осы жерден, әлемнің әртүрлі елдерінен 150-ге жуық ғарышкер орбитаға шықты.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ
баспасөз қызметі