Ұлттық ғарыш орталығында Халықаралық балаларды қорғау күні қалай өтті

Бүгін Ұлттық ғарыш орталығында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бала бақыты өз қолымызда!» атты балалар мерекесі өтті.


1 (39).png



Мерекеге «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ мен «Ғалам» ЖШС қызметкерлерінің балалары шақырылды.


2 (39).png



«Балаларды қорғау күні – жарқын, шуақты мереке. Жаздың алғашқы күнінде атап өтілетіні таңқаларлық емес. Жазғы демалыс әрқашан балалар үшін көптен күткен мереке. Біз ересектер ретінде мүмкіндігінше балаларымызға қолайлы жағдай жасауымыз керек. Дүниеде баланың бақыты мен күлкісінен қымбат ештеңе жоқ!», - деп Айымбетов балалар мен ата-аналарды құттықтады.


4 (21).png



Сонымен қатар, Айдын Айымбетов көп балалы әріптестерді алғыс хатпен марапаттады. Көп балалы ата-аналар ерекше құрметке лайық екенін айта келе, жас ұрпаққа тән күш-қуаты, қамқорлығы мен сүйіспеншілігі үшін алғысын білдірді.


3 (33).png



Арнайы кішкентай қонақтарымызға нағыз ғарыштық тағам, ғарышкердің ғарыштық костюмі және ұшқыш-ғарышкер Айдын Айымбетов Жерге оралған ғарыштық қонуға арналған капсула ұсынылды.


7 (5).png



Кішкентай ғарышқа келген қонақтар флешмоб билеп, мультфильмдер тамашалап, шығармашылық қойылымдар қойып, мұражайға барды. Осы ретте Айымбетов әр баламен суретке түсіп, қолтаңба берді.


5 (6).png



Сонымен бірге, бүлдіршіндер үшін аниматорлар шақырылып, жасөспірімдер арасында доптармен спорттық эстафета ұйымдастырылды.


8 (3).png



Шара соңында балаларға мерекелік дастархан жайылды және оларға Ұлттық ғарыш орталығына барғаны үшін ғарыш белгілері табысталды.


Іс-шараның барлық фотосуреттері сілтеме бойынша: https://disk.yandex.kz/d/G79alZUPCYN9vg


«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ
баспасөз қызметі