Ұлттық ғарыш орталығында референдум мен конституциялық реформалар талқыланды

31 мамырда Ұлттық ғарыш орталығында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ қызметкерлері мен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрбек Саясат арасында Қазақстан Республикасының Конституциясына ұсынылып отырған саяси өзгерістерді түсіндіру бойынша кездесу өтті.

референдум.png


Азаматтардың өздерін қандай өзгерістер күтіп тұрғанын түсінуі мақсатында, Мәжіліс депутаты Конституцияға енгізілген әрбір түзету терең талдауды қажет екендігіне сенімді. Тәуелсіздік тұсында еліміздің бас заңына 80-нен астам өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Бұл жолы 33-і қарастырылған. Конституцияның үштен бір бөлігі дерлік өзгертіледі.

«Бұл суперпрезиденттік өкілеттіктердің әлсіреуіне және Парламент рөлінің күшеюіне қатысты. Мәжіліс сайлауы тек партиялық тізім бойынша ғана өткізілмейді деп жоспарлануда. Төменгі палата депутаттығына өзін-өзі ұсынған кандидаттар да қатыса алады», - деді Саясат.

Өз кезегінде басқарма төрағасы Айдын Аимбетов алдағы конституциялық реформаның маңыздылығын түсіндіре отырып, референдумға белсенді қатысуға шақырды.

«Жаңа Қазақстан – жай ұран емес, біз үшін бұл жаңа қоғам құру қағидасы. Жаңа Қазақстан бізге жаңа мүмкіндіктер ашады, заманауи жағдайда біз қоғамдық-саяси процестерге қатысудың жаңа деңгейіне шыға аламыз», – деді Айдын Аимбетов.

Сонымен бірге, отырыста адам құқықтарын қорғау институтын нығайту, демократияны одан әрі дамыту және президенттің ұсынылған өкілеттіктеріне қатысты қызметкерлердің өзекті мәселелері талқыланды.


«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ
баспасөз қызметі