Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық ғарыш орталығының аумағында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ қызметкерлерімен кездесу өткізді

Ағымдағы жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қызметкерлері Нұрсұлтан Бекинов пен Асан Айдарханов "Қазақстан Ғарыш Сапары "ҰК"АҚ жеке құрамымен кездесу өткізді.

Встреча антикор (1).png


Кездесу барысында Нұрсұлтан Бекинов сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі, алдын алу құралдары және "еститін мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру аясында қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету туралы хабардар етті.

Сондай-ақ, Бекинов кездесуге қатысушылардың назарын барлық азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне қатысуының маңыздылығына аударды. Оның айтуынша, мемлекеттік органдар мен белсенді азаматтардың өзара тығыз іс-қимылы сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері мен жағдайларын одан әрі тиімді жоюға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері "ҚҒС "ҰК" АҚ қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамалық жаңалықтар туралы өзекті сұрақтарына жауап берді.


«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ
баспасөз қызметі