«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ орман алқабтарын ғарыштық бақылау туралы бірінші халықаралық жобасын өткізді

18-19 мамыр аралығында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-мы GIZ Kazakhstan-мен бірге «Ормансызданған және/немесе тозған орман аумақтарын анықтау үшін әртүрлі уақыттағы жерсеріктік деректердің ғарыштық бақылауы» тақырыбында тренинг өткізді.

2 (37).png

Тренингдте ГАЖ-мамандары және Қырғызстанның, Өзбекстанның және Тәжікстанның орман кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

9 (3).png


«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ инженерлері орман жамылғысының жойылған және тозған аумақтарын анықтау үшін бағдарламалық өнімдерге және жерсеріктік суреттерді талдаудың әдістемелік тәсілдеріне шолу жүргізді, фотограмметриялық өңдеу және кескінді классификациялаумен жұмыс істеу бойынша тәжірибелік жаттығулар жасады.


3 (31).png



«Бонндық челлендж» тренингі, халықаралық бастамасы аясында құрылған, «Қазақстан мен Қырғызстанның шекаралас аудандарында пилоттық ағаш отырғызу және тозған орман алқабтарын молықтыру» жобасы жүзеге асырылды, оның жаһандық мақсаты 2030 жылға қарай 350 миллион гектар тозған және ормансызданған жерлерді қалпына келтіру.

Жобаның талдауы бойынша, орман жамылғысының 2060 га (Қазақстанда – 1965 га; Қырғызстанда – 95 га) азаюы анықталды. Оның негізгі себебі табиғи және антропогендік әсерлер болды.

6 (8).png


Экология және қауіпсіздік бақылауы басқармасының басшысы – Азамат Махановтың жетекшілігімен, кеңістіктік деректер бөлімінің инженерлері – Тайжанов Алибек, Шаймерденов Жасыбай, Зейнолланова Фариза, Сеитова Айнур, Баткалова Айман және Султан Даяна, арқасында бұл жоба сәтті аяқталды және Германия Халықаралық ынтымақтастық (GIZ) қоғамы тарапынан жоғары бағаланды.

Сондай ақ, қатысушылар жинаған тәжірибені, табиғи-климаттық жағдайлардың ұқсастығын ескере отырып, Орталық Азияның басқа елдеріне де потенциалды түрде таратылу мүмкіндігі бар екендігін айта кету жөн.

Халықаралық геокеңістіктік орталық «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ геокеңістіктік талдау саласындағы мүмкіндіктерді дамытуға және салалық мәселелерді шешу үшін ЖҚЗ ғарыштық технологияларын пайдалануға бағытталған, жақын және алыс шетелдермен ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуға әрқашан дайын.


«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ
баспасөз қызметі