Қазақстанда алғаш рет суда жүзетін дронмен автоматтандырылған батиметриялық түсіру енгізілуде

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Apache 3 ұшқышсыз су дронының көмегімен цифрлық батиметриялық түсіруді енгізеді.

1 (36).png

«ҚҒС» ҰК» АҚ инженерлерінің ұжымдық жұмысының нәтижесінде, «Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстанның ірі өзендерінің бассейні үшін, су тасқынының алдын алу алгоритмін құрастыра отырып, кешенді басқарудың ғылыми-қолданбалы негіздері» мақсатты қаржыландыру бағдарламасы аясында, өзендер мен көлдерді зерттеу үшін су қоймалары түбінің биіктік деректерін алуға мүмкіндік береді.

«Осы бағдарламаны іске асыру су тасқыны қаупін азайтады, бұл шаруашылық нысандарды, инфрақұрылымды қалпына келтіру мен апатты су тасқыны зардаптарының әлеуметтік-экономикалық нәтижелерін жоюға қарағанда айтарлықтай төмен шығындарды талап етеді», - деп түсіндірді бағдарлама жетекшісі Манира Алагуджаева.

Айта кету керек, түсірілімге арналған жабдықтың бұл түрі Қазақстанда алғаш рет қолданылып отыр, сондай ақ алынған мәліметтер сенімділігімен, дәлдігімен және деректерді жинаудың жоғары өнімділігімен ерекшеленеді.

Сондай-ақ, алғаш рет жоғары ажыратымдылықтағы цифрлық модельдерін редакциялау әдістері , қар жамылғысының тығыздығын анықтау әдістерін әзірлеуге арналған радарлық поляриметрия әдістері, цифрлық батиметрия, ГАЖ талдау және жоғары талдаумен су тасқынын модельдеу әдістері кешенді түрде қолданылады.

Атап өту керек, мұндай жаңалықтар әсер етуші факторларды сараптауға, су тасқыны қаупіне баға беріп және көктемгі су тасқынын болжауға мүмкіндік береді.



«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ
баспасөз қызметі