Ташкентте Space Technology Conference STC-2022 Халықаралық конференциясы өтті

Өзбекстанның елордасында «Ғарыш технологиялары және олардың әлеуметтік-экономикалық дамудағы рөлі» тақырыбындағы «Space Technology Conference STC-2022» бірінші халықаралық конференциясы өтті.


1 (34).png


Конференцияға ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитетінің, Қазғарыш кәсіпорындарының басшылары мен ғарыш саласының мамандарынан құралған Қазақстан делегациясы қатысты.


3 (29).png


«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ның Басқарма төрағасы Айдын Аимбетов, Қазақстандағы ғарыштық бақылау туралы айтып, келесі жобаларды құру туралы хабарлады:

  • аэроғарыштық өнеркәсіптің жобаларына арналған халықаралық SpaceTech акселератор. SpaceTech ғарыш саласындағы жобаларды қолдайтын болады және геотехнология, спутниктерді құру, олардың құрамдас бөліктерін жасау және т.б. сияқты салаларын қамтитын болады;
  • геокеңістіктікті талдау саласындағы, мүмкіндіктерді дамытуға және салалық мәселелерді шешу үшін геокеңістіктік технологияларды қолдануға бағытталған - Халықаралық геокеңістіктік орталық;
  • eurasianSpaceVentures серіктестігімен Орталық Азиядағы бірінші жерүсті тәжірибелік кешен. Бұл жоба ғарыштық ұшулардың үлгілік зерттеулерін, ғылыми эксперименттерді жүргізуге арналған және тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін, ғарыш қызметін зерттеу үшін пайдаланылуы мүмкінгі бар, бірегей құралдары бар кешен.


4 (19).png


Сондай-ақ, «Азеркосмос» ААҚ мен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ арасында, Жерді қашықтықтан зондтаудағы спутниктік деректермен алмасу саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Айта кету керек, халықаралық конференцияға әлемнің 20 елінен ғарыш қызметі саласындағы 110 компания мен ұйымнан 200-ден астам қатысушы жиналды, сондай-ақ Өзбекстан Республикасының 30-ға жуық министрліктері мен ведомстволарының өкілдері қатысты.



«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ
баспасөз қызметі