Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!


2 (29).png


Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақстанның қарулы күштері қуатты және сенімді болсын. Отанымыздағы әрбір адам лайықты да ержүрек батыр болсын. Татулық пен достық мәңгілік болсын. Жүрекке ерлік пен жеңіс рухы қонсын.


officers nsc (1).png


Бүгін Ұлттық ғарыш орталығында Отан қорғаушылар күні қарсаңында шара өтті.

«Бұл күні біз өзін әскери істерге арнаған және антына адал болғандардың барлығын құрметтейміз. Ғарыштық мониторинг еліміздің қорғаныс қабілетіне үлесін қосады. Қызмет атқарып, мемлекетіміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүргендердің барлығына алғыс айтамын», — деді Айдын Аимбетов.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ әйелдер ұжымы ерлерді мерекемен құттықтады.


2 (30).png


Биылғы жылы қыздар ептілік пен тапқырлық сайыстарымен қызықты ойын-сауық бағдарламасын дайындап, сондай-ақ «Еркектерсіз бір күн» атты әзіл-оспақ бейнероликімен олардың көңіл-күйлерін көтерді, онда олар еріксіз ерлерсіз бола алмайтындарын көрсетті.

3 (23).png


Перизат Молдахметова мен Айсулу Умиртасова әнді үлкен ынтамен орындап, оны бүкіл әйелдер ұжымы қосыла шырқады.

4 (15).png


«Біз ер адамдарға туыстары мен достарының шынайы тірегі болуын, амандық пен барлық істерде сәттілік тілейміз. Әр адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты тәрбиелеген барша аналарға ерекше алғысымызды білдіргіміз келеді», - деп құттықтады қыздар.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ
баспасөз қызметі