Еліміз үшін қашықтықтан зондтау жүйесінің экономикалық тиімділігі жыл сайын артып келеді

kazeosat 1 30_04.png
2014 жылғы 30 сәуірде Француз Гвианасындағы Куру ғарыш айлағынан бірінші қазақстандық қашықтықтан зондтау спутнигі ұшырылғаннан бері Қазақстан сегіз жыл бойы Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің (ЖҚЗ) иесі болып табылады

Кеңістіктік ажыратымдылығы жоғары (пикселіне 1 метр) KazEOSat-1 ғарыш аппараты орбитада сәтті жұмыс істеуде, оны «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ («ҚҒС») мамандары басқарады.Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесінің құрамында екі жерсерігі – KazEOSat-1 және KazEOSat-2, жерүсті басқару кешені жәнеНұр-Сұлтанқаласында Ұлттық ғарыш орталығының аумағында орналасқан кескіндерді өңдеу орталығы бар.Жақында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ әрбір интернет пайдаланушысы үшін ғарыштық мониторинг деректерін ашатынын хабарлады.Геосервис ауыл шаруашылығы, орман және су шаруашылығы, қалдықтар, төтенше жағдайлар және жер қойнауын пайдалануды қоса алғанда, барлық негізгі салалар бойынша ақпаратты жариялайды.

Сайт https://km.gharysh.kz/ мекенжайында орналасқан, ол жеке деректерді қорғау туралы заңнама талаптарының сақталуын ескере отырып, ғарыштық мониторинг ақпаратына ашық қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Қашықтықтан зондтау спутниктерінің өзекті міндеттерінің бірі экологиялық қауіпсіздік, қатты тұрмыстық қалдықтардың ғарыштық мониторингі болып табылады.

«ҚГС» ҰК» АҚ Кеңістіктік деректер департаментінің директоры Өскен Тойшыбековтің айтуынша, бүгінде республикалық, облыстық маңызы бар 14 қаланың, ірі елді мекендердің және мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің аумағында қатты тұрмыстық қалдықтардың ғарыштық мониторингі жүргізілуде. 2022 жылы бұл тізімге төрт елді мекен қосылды - бұл қамту радиусы 10-нан 50 шақырымға дейінгі Ақсай, Құлсары, Шу, Қаратау қалалары. «Осылайша, 39 ірі елді мекенде өндірістік және тұтыну қалдықтарының ғарыштық мониторингі жүргізіледі және 272 мың шаршы км. астам аумақты қамтиды.», - деді ол.Қазақтың тұңғыш қашықтан зондтау жер серігі «KazEOSat-1» туған күнінде Кеңістіктік деректер департаментінің мамандары оның жұмысының кейбір нәтижелерін қорытындылады.2022 жылғы 30 сәуірдегі статистикалық мәліметке сәйкес KazEOSat-1 ғарыш аппаратынан 66 мың шаршы кмастам аумақтағы өндіріс және тұтыну қалдықтары мен заңсыз өндіру объектілерінің ғарыштық мониторингі бойынша мәліметтер алынды.«Алдын ала есептеулер бойынша жойылған полигондар туралы мәліметтерді ескере отырып, қоршаған ортаға экологиялық залалдың алдын алудан экономикалық тиімділік 4 млрд теңгеден астамды құрауы мүмкін», - деді О.Тойшыбеков.

«ҚГС» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Айдын Айымбетов 2021 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша өткен кеңесте 2016 жылы Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі коммерциялық пайдалануға берілгеннен кейін ғарыштық мониторинг қызметтері мемлекеттік органдарға тұрақты негізде беріледі. Мысалы, 2021 жылы отандық жоғары ажыратымдылықтағы KazEOSat-1 спутнигіненмемлекеттік органдарға 2 800 000 шаршы км.көлемінде 7 000 спутниктік сурет берілді.Орташа ажыратымдылықтағы «KazEOSat-2» жерсерігі 889 350 шаршы км.көлемінде 150 спутниктік суретті қамтамасыз етті. Сонымен қатар 40 миллион шаршы км. астамэкономиканың әртүрлі салаларын шешуге арналған кеңістіктік деректерқамтамасыз етілген. «Жерді қашықтықтан зондтау технологиялары Жерді зерттеу мен үнемі бақылаудың таптырмас құралы, оның ресурстарын пайдалану мен басқаруға көмектеседі. Қашықтықтан зондтау жүйесінің ел үшін экономикалық тиімділігі айқын және жыл сайын артып келеді», - деп атап өтті А.Аимбетов.


«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ
баспасөз қызметі