«KazSat-3» ұлттық байланыс және хабар тарату спутнигінің орбитада болғанына 8 жыл болды



4 (11).png


2014 жылғы 28 сәуірде Байқоңыр ғарыш айлағынан KazSat-3 ұлттық байланыс және хабар тарату спутнигі ұшырылды.

Үшінші қазақстандық байланыс және хабар тарату спутнигі «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ тапсырысы бойынша «Ақпараттық спутниктік жүйелер» АҚ М.Ф. Решетнев» және Thales Alenia Space-пен бірге жасалған.

«Kazsat-3» спутнигінің пайдалануға берілуімен ұлттық байланыс спутниктерінің шоқжұлдыздары құрылды, сондай-ақ Қазақстан екі «Kazsat-2» және «Kazsat-3» жер серігінің құрамындағы «Kazsat» толыққанды ғарыштық байланыс және хабар тарату жүйесінің иесі болды, сонымен қатар негізгі басқару орталығы – Ақмола облысындағы «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығы (ҒҚБ) және жерүсті басқарудың резервтік кешені – Алматы облысындағы «Көктерек» ОКҚ болды.

Бүгінгі таңда «KazSat-3» Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, Ресейдің орталық бөлігінде және Орталық Азия елдерінде телерадио хабарларын тарату, телефония, деректерді беру қызметтерін көрсетеді.

Ғарыш кемесі қалыпты жұмыс істеп тұр, оның жүктемесі 79% құрайды. Үшінші қазақстандық байланыс спутнигінің қызметтерін 12 байланыс операторы пайдаланады және оның 10 мыңнан астам станциясы бар.


«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ
баспасөз қызметі