Ғарыштық бақылау: Қостанайда 14 000-нан астам ағаш заңсыз кесілген

1 (25).png


Қостанай қаласының прокуратурасы, облыс орталығындағы жасыл желектерді кесудің заңдылығына тексеру жүргізіп, құрылыс-монтаждау жұмыстары кезінде уәкілетті органның рұқсатынсыз 14 мыңнан астам ағаш кесілгенін көрсетті.

«Сот шешімімен мердігер ұйым - 280 520 түп ағаш отырғызуға міндеттелді. Сондай-ақ, 650 ағашты рұқсатсыз кескені үшін, тағы 13 кәсіпкер 13 мыңнан астам ағаш отырғызады, деп хабарлады прокуратура.

Прокуратураның сұрауы бойынша «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ, 2019-2021 жылдар кезеңіндегі Тобыл жанандағы саябағының өңделген жерсерiктiк түсiрiлiмдерiн жіберді.


1 (24).png


Бұл - ғарыштық бақылау, орман аумақтарын заңсыз зақымдатуын анықтауға мүмкіндік беретінің білдіреді. Егер орманды жоғалтқан жағдайда, экожүйені бұрынғыдай қалпына келтіру мүмкін болмайды.


2 (25).png

Ормандарды қорғау – планетадағы тіршілік өміріне демеу болатын, биоалуандықты сақтаудың маңызды механизмі.

Прокуратурада атап өткендей, сот тәртібімен мердігерлік ұйымға 20 есе көлемде өтемақы төлеуге, яғни 280 520 ағаш отырғызуға міндеттелді. Бұдан басқа, 650 ағаштың рұқсатынсыз кесу үшін 13 кәсіпкер 13 мыңнан астам ағаш отырғызады.



«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ
баспасөз қызметі